ІС-ШАРА ӨРТ СӨНДІРУШІ МАМАНДЫҒЫНА ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар органдарының 30 жылдығына орай жүзеге асырылып жатқан «30 жылдыққа – 30 игі іс-шара» аясында Қазығұрт ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі өрт сөндіру мамандығын оқушыларға үлгі ету мақсатында танымдық іс-шара ұйымдастырды. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Іс-шара барысында оқушыларға:

  • Өрт сөндіру қызметінің құрылуы мен 30 жылдық тарихы таныстырылды;
  • Арнайы өрт сөндіру техникасы мен құрал-жабдықтары көрсетілді;
  • Қызметкерлердің ерлікке толы еңбегі мен қоғамдағы маңызы түсіндірілді;
  • Өрт қауіпсіздігі ережелері мен төтенше жағдай кезіндегі дұрыс әрекеттер үйретілді.

Оқушыларға өрт сөндірушілердің арнайы киімдерін киіп көру, техникаға отырып тәжірибе жасау мүмкіндігі берілді.

Бұл іс-шара жас ұрпақтың бойында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, патриоттық сезімін арттыруға және өрт сөндіруші мамандығына деген құрметті нығайтуға бағытталды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды