ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ІСКЕ АСЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫНА ТОҚТАЛДЫ

Бүгін Созақ аудандық мәслихатының кезекті отызыншы сессиясы өтті. Жиынға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, кенттер мен ауылдық округ әкімдері, бөлім және мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Созақ аудандық филиалы хабарлады.

Сессияның жұмысын аудандық мәслихаттың төрағасы Ордабек Жәмиев жүргізді. Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралды.

Жиында аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттері туралы кеңінен баяндады. Әр сала бойынша нақты көрсеткіштер мен жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобаларға тоқталып, демеушілер мен жеке инвесторлардың қолдауымен іске асып жатқан жұмыстардың да маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, сессияда аудандық білім бөлімі мен мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің есептері тыңдалды. Одан бөлек, аудандық мәслихаттың бірқатар шешімдеріне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды. Атап айтқанда, 2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджетке түзетулер енгізу, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу, бірқатар елді мекендер мен көшелерге атау беру мәселелері талқыланды. Сонымен бірге, аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңесті құру, сондай-ақ терроризмге қарсы комиссия құрамын жаңарту туралы ұсыныстар қолдау тапты. Мәслихат депутаттары сессияда қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды