ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 170 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙДЫ

Кентау қаласына жұмыс сапарымен келген Азия Даму Банкінің халықаралық қаржы ұйымының өкілдері жылу орталығында болып, экологиялық талаптарға сай газтурбиналық қондырғылар орнату жобасымен танысты. Сапар барысында тараптар жобаны қаржыландыру мүмкіндіктерін талқылады. Бұл туралы Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Кентау қаласында газ турбиналы электр станциясын салу жолымен Кентау ЖЭО-5 кеңейту» жобасы электр қуатын 240 МВт-қа дейін, ал жылу қуатын 160 Гкал/сағ өндіруді көздейді. Бұл бастама қаланы сенімді және тұрақты жылу және электр энергиясымен қамтама22сыз етуге бағытталған.

Жобаны іске асырудың әлеуетті инвесторы — «Қазақстандық Коммуналдық жүйелер» ЖШС, инвестицияның жалпы құны 170 миллиард теңгені құрайды. Бұған дейін облыс әкімдігі, ҚР Энергетика министрлігі және «Қазақстандық Коммуналдық жүйелер» ЖШС арасында үшжақты ниет шартына қол қойылған болатын.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды