ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТӨЛЕМ НЕМЕСЕ АҚША АУДАРУ КЕЗІНДЕ МҰҚИЯТ БОЛУ ҚАЖЕТ

Түркістан қаласында полиция қызметкерлері интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық жадынамалар таратты. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түсіндіру барысында полицейлер азаматтарға онлайн кеңістіктегі қауіптер мен алаяқтардың әрекет ету тәсілдері туралы айтып, жеке деректерді қорғаудың маңыздылығын түсіндірді. Жадынамада интернет желісінде қауіпсіздікті сақтау мен алаяқтардың арбауына түспеу үшін есте сақтайтын негізгі ережелер қамтылған.

Атап айтқанда, азаматтарға бейтаныс адамдарға банк картасының деректерін бермеу, күмәнді сілтемелер мен хабарламаларға сенбеу және интернет арқылы төлем немесе ақша аудару кезінде мұқият болу қажеттігі ескертілді.

Профилактикалық іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, интернет алаяқтықтың алдын алу.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды