ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ ТӘСІЛДЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері интернет кеңістігінде жасалатын алаяқтық қылмыстарының алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара барысында тұрғындарға интернет алаяқтарының әрекет ету тәсілдері түсіндірілді. Атап айтқанда, бейтаныс тұлғалардан келген күмәнді хабарламаларға жауап бермеу, жалған интернет-дүкендер мен инвестициялық платформаларға сенбеу, сондай-ақ жеке және банк деректерін ешкімге бермеу қажеттігі ескертілді.

Сонымен қатар полицейлер азаматтарға әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралатын күмәнді сілтемелерге кірмеуді, тек ресми және тексерілген дереккөздерге жүгінуді ұсынды. Полиция қызметкерлері тұрғындарды қырағылық танытып, киберқылмысқа жол бермеуге және алаяқтарға алданбауға шақырады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды