ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ, ТАЗАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиевтің төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті. Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиын барысында төрт негізгі мәселе қаралды:

Бірінші мәселе — мүгедектігі бар азаматтарға арналған пандустар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Сабиров Нұржан Тұрарұлы баяндама жасап, пандустардың стандартқа сәйкестігін қамтамасыз ету, инфрақұрылымдық кедергілерді жою жөніндегі жұмыстарды жалғастыру тапсырылды.

Екінші мәселе — аудан көлемінде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер, соның ішінде фейсбук парақшасының жұмысы туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Алдамжаров Өскен Қосыбайұлы баяндап, аудандағы әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыстарды жандандыру бойынша тапсырмалар берілді.

Үшінші мәселе — «Таза Қазақстан» акциясы, қысқы жылу беру маусымына дайындық барысы және күзгі тал отырғызу жұмыстары туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Азизханов Жандос Сұлтанханұлы баяндады.

Бақыт Қырғызалиев жауапты бөлімге санитарлық тазалық пен көгалдандыру жұмыстарын жүйелі жүргізуді, сондай-ақ қыс мезгіліне дайындықты толық пысықтауды тапсырды.

Қысқы жылу маусымына дайындықты аяқтау;

Елді мекендерде тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жалғастыру;

Тал көшеттерін отырғызу жұмыстарын бақылауда ұстау.

Төртінші мәселе — «Бәйдібек су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 9 айда атқарған жұмыстары туралы кәсіпорын директоры Мұнашов Шыныбек Балқыбекұлы баяндап, су жүйелерін қалыпты режимде ұстау, ақаулардың дер кезінде жойылуы және халыққа қызмет көрсетудің сапасын арттыру мәселелері талқыланып, аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырылды.

Кеңейтілген аппарат мәжілісі соңында аудан әкімінің м.а. Бақыт Қырғызалиев көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды