«AMANAT» партиясынан сайланған Сауран аудандық мәслихатының депутаты Рысбеков Сәбит Дайрабайұлы есепті кезеңде 3 рет жеке қоғамдық қабылдау, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттары және аудандық мәслихат төрағасымен бірге 2 рет көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Барлығы 21 азаматтың өтініші қаралып, оның 13-і оң шешімін тапты, қалғандары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Сауран аудандық филиалы хабарлады.
Қоғамдық қабылдаулар барысында көтерілген жол жөндеу, электр бағаналарын ауыстыру, жарықтандыру, тұрғын үй құжаттарын заңдастыру, әлеуметтік көмек, ауыз су, газбен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға 17 депутаттық сауал жолданды. Оның ішінде Парламент Мәжілісінің депутаттары, Түркістан облысының әкімі, облыстық білім және денсаулық сақтау басқармаларына жолданған 12 сауалға жауап берілді. Атап айтқанда:
- Нұртас ауылындағы «Амангелді» атындағы жалпы білім беру мектебін күрделі жөндеуден өткізу;
- Нұртас елді мекеніне байланыс операторларына генератор орнату арқылы интернет пен байланыс желісін үздіксіз қамтамасыз ету;
- Үшқайық ауылдық округі арқылы өтетін «Қарашық» өзенінің ағын су мәселесін шешу;
- Аша елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуге қаржы қарастыру;
- Нұртас елді мекеніндегі ФАП ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу;
- Нұртас ауылында орналасқан Түркістан қаласының кәріз жүйесінен шығатын жағымсыз иіс мәселесін шешу.
Жол және инфрақұрылым бағытында атқарылған жұмыстар:
- Теке елді мекеніндегі Молдағұлова көшесінің 4,1 км жолына күрделі жөндеу жүргізілді;
- С.Қожанов елді мекенінде ауыз су құбырлары толық жөнделді;
- С.Қожанов елді мекеніндегі Абай көшесіне 1 км жаяу жүргіншілер жолы төселді;
- Теке және С.Қожанов елді мекендеріне аялдамалар орнатылды;
- С.Қожанов елді мекенінде аллея салынып, пайдалануға берілді;
- Теке елді мекеніндегі спорт залға ағымдағы жөндеу жүргізілді;
- Өндірістік аймақтарға электр бағаналары мен трансформаторлар орнатылды;
- Үшқайық, С.Қожанов елді мекендеріндегі аллеяны абаттандыру жұмыстары толық аяқталды.
Партиялық жобалар аясындағы жұмыстар:
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ұйымдастырылған «Қарттарым аман-сау жүрші» атты іс-шараға демеушілік көрсетіп, аудан қарияларына құрмет көрсетіп келеді.
«Бақытты отбасы» жобасы аясында 1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында 20 оқушыға оқу құралдары мен мектеп формасы табысталды;
«Кедергісіз келешек» жобасы бойынша аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсетілді;
«Ұлттық мұра» жобасы аясында Сауран аруы – 2025, «Үздік БПҰ» байқауларына демеушілік жасап, аудан тарапынан ұйымдастырылған іс шараларға белсене қатысып атсалысуда.
Депутат Сәбит Дайрабайұлы тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, әлеуметтік мәселелерді шешу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Алдағы уақытта да халықпен тұрақты кездесіп, көтерілген мәселелердің орындалуын бақылауда ұстай отырып, «AMANAT» партиясының бағдарламалық міндеттерін жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.

