ҚХП ҚАТАРЫ ЖАҢА МҮШЕЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Түркістан көпсалалы индустриялды техникалық колледжінде салтанатты шара өтті. Бұл туралы «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара барысында колледж ұжымының бірқатар мүшелері Қазақстан Халық партиясының қатарына қабылданып, ресми түрде партиялық билеттер табысталды.

Партиялық билеттерді «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Орталық аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Оразханов Нұрдаулет Амантайұлы мен Түркістан облыстық филиалы төрағасы Қамбарова Зухра Медеуқызы табыстады.

Жаңа мүшелерді партия жұмысына белсенді араласуға, әлеуметтік әділдік пен ел болашағы жолындағы ортақ іске атсалысуға шақырды. Салтанатты шараға облыстық филиал қызметкерлері мен колледж ұжымы да қатысты.

Қазақстан Халық партиясы – жауапкершілікті сезінетін, ел болашағына бей-жай қарамайтын азаматтардың таңдауы.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды