Республикалық ақындар айтысының жүлдегері, отырарлық ақын Дәурен Полатбаев референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Өңірдің руханиятына үлес қосып жүрген айтыскер ақын ел өміріндегі маңызды науқаннан шет қалмай, азаматтық ұстанымын білдіріп, дауыс берді, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Референдум – халықтың еркін білдіретін және қоғамдағы маңызды мәселелерді бірге шешуге мүмкіндік беретін ерекше мүмкіндік. Бұл – әр азаматқа елдің саяси бағытына қатысты пікір айтуға берілген сәт. Мұндай процестер қоғамдағы демократиялық мәдениетті нығайтады және азаматтардың мемлекет ісіне деген қызығушылығын арттырады. Сондықтан референдумға қатысу арқылы азаматтар өз елінің тұрақтылығы мен болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетеді. Бұл – жауапты қоғамның белгісі. Ақын жүрегі әрқашан елдің тыныс-тіршілігімен бірге соғады. Ол қоғамдағы өзгерістерге бей-жай қарамайды, керісінше, өз өлеңдері арқылы халықты бірлікке, ынтымаққа, елдік құндылықтарды құрметтеуге үндейді. Референдумға қатысуы – азаматтық сананың, елге деген сүйіспеншіліктің және халық тағдырына ортақтастықтың айқын көрінісі» — дейді ақын.
Бүгінде отырарлықтар референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда. Айта кетейік, Отырар ауданында жалпы 40 референдум учаскесі жұмыс істесе, 28 531 азамат дауыс беру құқығына ие.

