Еліміздің әлеуметтік саласындағы ең басты мәселелерінің бірі – баспана. Халқымыз «Үйі жоқтың күйі жоқ» деп бекер айтпайды.Тұрғын үйге деген сұраныс жыл сайын өспесе, еш кемімей тұр. Халық арзан әрі қолжетімді баспанаға қалай қол жеткізеді? Бұл туралы «AMANAT» партиясының Қазығұрт аудандық филиалы хабарлады.
Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері арқылы азаматтардан түскен ұсынытарды зерделей келе, аудандағы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың санын азайтуға күш салу мақсатында бүгін «Төле би» бастауыш партия ұйымында, «Қызылқия» бастауыш партия ұйымының төрайымы Айкүл Күзенбайқызы Отбасы банк өкілі Гулмира Абдикуловамен бірлесіп ақ халаттылар арасында тұрғын үй бағдарламаларына, жинақ жүйесіне және тиімді қаржылық мүмкіндіктерге қатысты жан-жақты ақпарат таратты.
Мәселен, көп балалы аналар, балаларының болашағына алаңдайды. Сол себепті, қалалық жерден үй алғысы келеді, ұл-қыздары оқуға түскен жағдайда пәтер жалдап, сандалмаса екен деген армандары бар. Тұрақты жұмысы жоқтарға банк тарапынан үй беріле ме? Қандай жеңілдіктер қарастырылған дейді?
Көп балалы аналардың өтінішін тыңдаған банк консультанттары, көп адам үйге кезекпен өтіп тұрғанымен төлем қабілеттілігін (платежеспособность) растай алмай жатады. Ал, төлем қабілеттілігін растай алмаса,ипотека рәсімдей алмайды деген сөз. Төлем қабілеттілігін растаусыз үй алудың шарттары, депозитіңізге минимум 3 жыл болуы; ОП (оценочный показатель) минимум 16 болуы; алғалы отырған үйіңіздің 50%-ы жинақталған болуы шарт. Осы үш шарт орындалған жағдайда банк сізден 6 айлық жалақыны растайтын анықтама сұрамай-ақ,кредитке таңдаған үйін рәсімдеп беретінін түсіндіріп өтті.
Одан бөлек, үй кезекте тұрған аталған банк салымшылары тұрғын үй құнының 20 пайызын құю арқылы баспанаға қол жеткізе алатындығы түсіндірілді. Қосымша жастарға арналған Наурыз, Отау, Асыл мекен, Бақытты отбасы, Шаңырақ бағдарламаларымен таныстырылды.
Тәуелсіздігімізді алып, қарыштап, дамып келе жатсақ та, осы бір маңызды мәселенің шешімі табылмай-ақ қойды. Уақыт өткен сайын халық санының өсуі тұрғын үй, жұмыс, әлеуметтік мәселелерді айтарлықтай қиындатып жібергені белгілі. Осындай келеңсіз мәселелер өз шешімін тауып жатса, халық игілі үшін жасалған үлкен бір іс болар еді. Әр жанұяның өзінің баспанасы болса, уайымсыз тірлік кешетіні сөзсіз.