«ГЕНДЕРЛІК САЯСАТТАҒЫ ӘЙЕЛ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ОҚЫЛДЫ

Түркістан облысы Полиция Департаментінің инспектор-психологтары жеке құрамға маңызды шара ұйымдастырды. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Яғни дөңгелек үстел ішкі істер органдарындағы әйелдердің көшбасшылық қасиеттеріне психологиялық қолдау және дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған.

Жиынға Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонында қызмет атқаратын әйел қызметкерлері қатысты.

Шара барысында қыз-келіншектердің отбасы құндылықтарын нығайту, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, әйелдердің саяси және басқарушылық ұстанымдарын қолдау, гендерлік аспектіде өзін-өзі тану мүмкіндіктері жөнінде «Гендерлік саясаттағы әйел рөлі» тақырыбында дәріс оқылды. Қатысушылар пікір алмаса отырып, тренинг-жаттығуларға белсенді қатысты.

Тренинг соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, қызықты сабақтарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін психолог әріптестеріне алғыстарын білдірді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды