ГАЗҒА ЖЕҢІЛДІК АЛУ ТӘРТІБІ ҚАНДАЙ?

Шымкентте іске қосылатын «Әлеуметтік әмиян» жобасы, ең алдымен, әлеуметтік көмек алушылар мен табысы төмен азаматтар үшін газға жеңілдікті алу тәртібін жеңілдетуге арналған. Пилоттық жоба 5 ай бойы жұмыс істейді және егер сәтті жүзеге асса, басқа өңірлерге де таралады. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Қазірдің өзінде Шымкент қаласы тұрғындары үшін газға жеңілдік алу тәсілі барынша оңтайландырылды.

Жоба қалай жұмыс істейді?

— Әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын азаматтар 1414 бірыңғай нөмірінен СМС хабарлама алады.

— Хабарламада өз деректерін өңдеуге рұқсат беру үшін жауап ретінде SMS жіберу керек.

— Осыдан кейін азаматтар eGov Mobile қосымшасын орнату үшін сілтеме алады.

— eGov Mobile қосымшасының басты бетінде «Әлеуметтік әмиян» қызметі пайда болады. Мұнда олар QazaqGaz Aimaq АҚ абоненттік шотын енгізіп, жеңілдікке қатысты қажетті деректерді автоматты түрде енгізе алады.

— Ваучерді белсендіру үшін азаматтар жеке шотын көрсетіп, оған қажетті әрекеттерді орындайды.

— Ваучер іске қосылған соң, келесі айда жеңілдік сомасы тұтынушының түбіртегінде және «Әлеуметтік әмиян» қосымшасында көрсетіледі.

Бұл жүйе арқылы азаматтар үшін бюрократия азайып, газға жеңілдік алу үдерісі оңай әрі түсінікті болады.

Жоба 5 айға жоспарланған, бірақ егер нәтиже оң болса, бұл тәжірибе бүкіл ел бойынша кеңейтілуі мүмкін!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды