Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жалпы Түркістан қаласы бойынша республикалық референдум өткізу үшін 65 дауыс беру учаскесі ұйымдастырылған. Барлық учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен, материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етілген. Қала тұрғындары референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасап жатыр.
Түркістан қаласы – тығыз қоныстанған және сайлаушылар саны көп өңірлердің бірі, сондықтан таңғы сағат 07:00-ден бастап халықтың қарасы қалың. Тұрғындар отбасымен, қариялар мен жастар бірге келіп, өздерінің азаматтық таңдауын жасауға асығуда.

