«ESIRTKIGE JOL JOQ» АТТЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының бірлесуімен «ESIRTKIGE JOL JOQ» атты ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Бұл туралы Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ хабарлады.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және АИТВ инфекциясының алдын алу туралы ақпараттандыру.

Кездесу барысында «Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету» бөлімінің психолог маманы Өміртаева Жансая Ержанқызы мен облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог маманы Адамбек Айбек студенттерге психологиялық, медициналық және әлеуметтік тұрғыдан маңызды мәліметтер ұсынды.

Сонымен қатар, Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Марат Бимаханов жастарға есірткі қылмысының қоғамға тигізер қауіптілігі мен зардаптары туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.

Ол жастарды есірткіге қарсы күреске белсенді атсалысуға және өз құқықтарын қорғаудың маңыздылығына назар аударды.

Мамандар жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға, өмірге жауапкершілікпен қарауға және өз денсаулығын қорғауға шақырды.

Аталған кездесу Түркістан жоғары медицина колледжінде ұйымдастырылып, белсенді студенттердің қатысуымен өтті. Шара соңында жастар өз сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды