ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫНЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

Полицейлер есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан қалалық Полиция басқармасының Анықтау бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабында көрсетілген жауапкершілік туралы тұрғындарға ескертеді.

Аталған бапқа сәйкес, «Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» әрекеттері қылмыстық құқықбұзушылық болып табылады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл құқықбұзушылық үшін 160 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, осы мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 40 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазалар белгіленген.

Түркістан қалалық Полиция басқармасы азаматтарды есірткі құралдарының заңсыз айналымына жол бермеуге және заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды