ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: ЖОЛ ҚАТЕЛІКТІ КЕШІРМЕЙДІ

Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы өңір жолдарында рейдтерді күшейтті. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Басты мақсат — жол-көлік оқиғаларын азайту және жүргізушілерге: қауіпсіздік — жауапкершіліктен басталатынын еске салу.

Негізгі назар — оң рульді көліктерге. Көрініс шектеулігі мен қарсы бағыттағы қозғалысты бағамдаудың қиындығы мұндай көліктерді жиі қауіпті жағдайларға ұрындырады.

Инспекторлардың айтуынша, бір қате манёвр — апат қаупін бірнеше есе арттырады.

Сонымен қатар заңсыз жолаушы тасымалы мен жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтау мәселелері де қатаң бақылауда.

Барлық шаралар Көлік және Ішкі істер министрліктері бекіткен 2023–2027 жылдарға арналған Жол картасы аясында жүзеге асуда.

Инспекторлар еске салады: жол – қателікті кешірмейді.

Қауіпсіздікті таңдаңыз — өз өміріңізді де, өзгенің өмірін де сақтайсыз.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды