Ел экономикасының дамуына, мемлекеттік қаржының тиімді әрі ашық жүргізілуіне өз үлесін қосып жүрген есепшілердің кәсіби мерекесі – Есепшілер күні аталып өтті. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалы хабарлады.
Мереке аясында қалалық орталық аурухана, емхана және балабақша есепшілері өз салаларындағы тиянақты еңбектері мен жоғары жауапкершіліктері үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Есепшілерді «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы Арман Амангелдіұлы арнайы құттықтап, кәсіби мерекелеріне орай марапаттар табыстады.
Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының қызметкері Оспанова Ұлжан Нұрәліқызы өз саласындағы табанды еңбегі үшін Кентау қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Бұл — оның кәсіби біліктілігі мен адал еңбегінің жоғары бағалануының айғағы.
Арман Амангелдіұлы барлық есепшілерге еңбектерінде табыс, отбасыларына амандық пен береке тіледі.

