Алдағы жылдары фермерлерге бөлінетін несие 1,5 трлн. теңгеге жеткізіледі. Бұл туралы Астанада «Азық-түлік қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздіктің негізгі құрамдас бөлігі» тақырыбында өтіп жатқан парламенттік тыңдауда Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді.
— Енді фермерлер көктемгі дала жұмыстары мен егін жинау үшін 5% төмендетілген мөлшерлемемен тікелей жеңілдетілген кредиттер ала алады. Мұндай кредиттің көлемі алғаш рет 580 млрд. теңгеден асты (бұған дейін 180 млрд. теңге), ал болашақта бұл көрсеткішті 1,5 трлн. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарына жеңілдетілген кредит беруді биыл қарашаның соңында бастадық, бұл фермерлерге жанармай, қосалқы бөлшектер және басқа да қажет ресурстарды алдын ала сатып алуға мүмкіндік береді, — деді Премьер-министрдің орынбасары.