ЕЛНҰР ТӨРЕБЕК – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

Қытай Халық Республикасының Шаогуань қаласында 4–7 қыркүйек күндері аралығында каратэден Азия біріншілігі өтті. Кадеттер, жастар және U21 жас санаттары арасында өткен байрақты бәсекеде қазақстандық спортшылар ел мерейін үстем етті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Дүбірлі додада Қазақстан құрамасы сапында сынға түскен Түркістан облысының өкілі Елнұр Төребек U21 жас санатында 60 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарына дес бермей, чемпион атанды. Жас спортшының жеке жаттықтырушысы Роман Сәрсеқұлов Елнұрдың еңбекқорлығын айтып, алдағы байрақты бәсекелерге дайындықты тоқтатпайтынын жеткізді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды