ЕЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУҒА ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСА БЕРМЕК

Түркістан қаласында Түркістан қаласы әкімдігі мен прокуратура органдарының ұйымдастыруымен «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шараның негізгі мақсаты – азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ билік пен халық арасындағы өзара сенімді және ашық диалог орнату.

Акция барысында қала тұрғындарына прокуратура, полиция, әділет органдары, сот және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сонымен қатар кәсіби заңгерлер мен адвокаттар тегін құқықтық кеңес берді. Заң саласының мамандары азаматтардың әлеуметтік, тұрғын үй, еңбек, отбасылық және жер қатынастарына қатысты сұрақтарына жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мұндай акциялар азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеруге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ашықтығы мен халыққа жақындығын арттыруға бағытталған.

«Халық заңгері» республикалық акциясы алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасын тауып, ел тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға өз үлесін қоса бермек.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды