ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТҰРМЫСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ӨТІНІШТЕРІН БІЛДІРДІ

Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы М.Аширбаев тұрғындармен жеке кездесіп, олардың мәселелеріне құлақ түрді. Қоғамдық қабылдау барысында азаматтар түрлі әлеуметтік, экономикалық және тұрмыстық мәселелер бойынша өтініштерін білдіріп, тиісті жауаптар алды. Бұл туралы “AMANAT” партиясы Қазығұрт аудандық филиалы хабарлады.

Қоғамдық қабылдауға келген аудан тұрғындары инфрақұрылым мәселелері, әлеуметтік көмектер, жер қатынастары және жұмыспен қамту сияқты маңызды тақырыптар төңірегінде сұрақтар қойды. Әсіресе ауылдық жерлерде ауызсу, жол сапасы, медициналық қызметтердің қолжетімділігі, білім беру мекемелеріндегі жағдайлар сынды мәселелер көп айтылды.

Қабылдауда әрбір өтініш жан-жақты қаралып, мәселенің шешілу жолдары талқыланды. Мұхамедқали Аширбаев азаматтардың сұрақтарына толық жауап беріп, нақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, барлық ұсыныстар аудан әкімдігі тарапынан егжей-тегжейлі зерделеніп, шешім қабылдау үшін қажетті мемлекеттік органдарға жолданып тиісті шаралар атқарылатынын мәлімдеді.

Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы М. Аширбаев өз сөзінде халықпен ашық диалогтың маңыздылығын атап өтіп, мұндай кездесулердің тұрғындардың проблемалары мен ұсыныстарына дер кезінде жауап беруге мүмкіндік алатын алаң екендігіне тоқталып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында тұрғындармен үнемі байланыс орнату өте маңызды екенін атап өтті.

Қабылдауға қатысқан азаматтар аудан әкімінің м.у.а М.Аширбаевқа ризашылығын білдіріп, өздеріне қажетті ақпарат пен түсіндірмелер алғандарын айтты. Көбісі өз мәселелерін жеке-жеке талқылауға мүмкіндік алғанына қуаныштарын жеткізді. Мәселен, бірқатар тұрғындар ауылдағы көше жарықтарын орнату және ауызсу жүйесін қайта құру қажеттігін айтып, осы мәселелерді шешу үшін билік тарапынан қолдау күтетіндіктерін білдірді.

Бұл қоғамдық қабылдау тұрғындар мен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған кезекті шара болып табылады. Қабылдауға аудандық ішкі саясат бөлімінің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің, әлеуметтік қолдау бөлімі мен білім беру, аудандық полиция бөлімдері және басқа да жауапты мемлекеттік орган өкілдері қатысты.

Қоғамдық қабылдау кезінде азаматтар өз мәселелерін тиісті мамандармен талқылап, нақты шешімдер алу мүмкіндігіне ие болды. Бөлім басшылары әрбір мәселені тереңінен зерттеп, қажет болған жағдайда жергілікті деңгейінде шешімдер қабылдауға уәде етті.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды