ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАЛАРҒА ЖИ ЕНГІЗУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын насихаттау және талқылау мақсатында өткен жиынға РАБАТ БПҰ төрағасы А.Шарипхан және партия мүшелері белсене қатысты. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Президент Жолдауының елімізді түбегейлі цифрлық өзгерістер жолына түсіруге бағытталған негізгі бағыттары талқыланды: ЖИ (жасанды интеллект) технологияларын мемлекеттік басқару, экономика және әлеуметтік салаларға енгізудің маңыздылығы.

Адами капиталды – әсіресе, IT-мамандар мен жасанды интеллект саласының мамандарын даярлауға басымдық беру.

Цифрлық теңсіздікті жою және жоғары жылдамдықты интернетті барлық ауылдарға жеткізу қажеттігі.

Денсаулық және білім беру жүйелерін ЖИ негізінде жаңғырту арқылы қызмет сапасын арттыру мәселелері.

Рабат БПҰ төрағасы А.Шарипхан Жолдаудың уақытылы әрі стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті:

«Президент Жолдауы – Қазақстанды Жасанды Интеллект дәуіріндегі бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдырудың нақты жол картасы. Біздің бастауыш партия ұйымы бұл реформаларды жергілікті деңгейде тиімді іске асыруға толық қолдау көрсетеді және белсенді қатысады.»

Партия мүшелері Жолдаудың негізгі идеяларын халыққа жеткізу және оны практикалық іс-шаралармен толықтыру қажеттігі туралы ортақ пікір білдірді.

«AMANAT» партиясының мүшелері Президент Қ.К.Тоқаевтың жаңа бастамаларын толықтай қолдайды және ауданның цифрлық дамуына өз үлестерін қосуға дайын!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды