Түркістан облыстық мәслихатының бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Комиссия отырысын бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Мағауия Тұрысбеков ашып, жүргізіп отырды. Бұл туралы Түркістан облыстық мәслихатының баспасөз қызметі хабарлады.
Басқосуға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, облыс әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев, облыстық мәслихат депутаттары — Жәнібек Сүлейменов, Нұржан Әжіметов, Динара Егамбердиева, Ғани Райымбеков, Жарқынбек Қанаев, Ержан Үсентаев, Инара Намазбаева, Нұржан Жамалбеков, Жомарт Әбдібаев, Алмас Салимов, Төрегелді Қалмұратов, Сүлеймен Арыстанов және облыстық басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізіліп, қаралды:
- 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы;
- Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы;
- «Түркістан облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы»;
4.Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2026-2030 жылдарға арналған болжамы;
- Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерісті келісу туралы
- «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 14/172-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Түркістан облыстық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы;
- Түркістан облыстық мәслихатының бюджет, экономика және ауылшаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты басқарма басшылары баяндама жасады. Өз кезегінде тұрақты комиссия мүшелері пікірлері мен ұсыныстарын айтып, аталған мәселелерді сессия қарауына енгізуді ұсынды.

