Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов жұмыс жоспарына сәйкес облыстық басқарма басшыларының есептерін тыңдап, алдағы жоспарларды талқылады. Бұл туралы Түркістан облыстық мәслихатының баспасөз қызметі хабарлады.
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Меруерт Әбдіқадырқызын қабылдап, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды талқылады.
Меруерт Әбдіқадырқызы өз баяндамасында есеп беру мерзімінде облыс бойынша 4097 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда — 7,7%-ға, қылмыс саны — 1,9%-ға төмендеді атап өтті.. Сонымен қатар, аса ауыр қылмыстар – 51,4%, ауырлығы орташа қылмыстар 6,8% азайған.
Өңір аумағында пәтер ұрлықтары — 14,5% (124-тен 106-ға, 18 дерекке) төмендеген. Пәтер ұрлығы қылмыстарымен айналысқан 5 қылмыстық топ құрықталып, нәтижесінде 12 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жалпы қылмыстық топтар 13 дерек пәтер ұрлығын жасаған. Пәтер ұрлықтарының алдын алу мақсатында учаскелік полиция инспекторлары әрбір үйге, мекемелерге барып түсіндірме жұмыстарын атқаруда. Яғни, заманауи құралдарды қолдану, бейнебақылау, көппәтерлі үйлерге домофон, кодты құлыптар орнату туралы тұрғындарға түсіндірілуде.
Соңғы кездері республика бойынша ең өзекті қылмыстардың бірі алаяқтық және интернет-алаяқтық қылмыстары болып табылады. Алаяқтықтар саны — 17,9%-ға өсіп, ашылуы 84,7% құрады. Көптеген түсіндіру және алдын алу шараларына қарамастан, тіркелген интернет-алаяқтықтың саны 454-нан 661-ге артып 45,6 %-ға өскен. Интернет-алаяқтық қылмыстарын болдырмау мақсатында, «Антифрод орталығы» банктер мен микроқаржы ұйымдарымен бірлесіп жұмыс атқарылуда. Жыл басынан бері 1312 күдіктінің есепшоттары бойынша бұғаттау ұсыныстары жіберіліп, 48 млн. 800 мың теңгеден астам қаражат бұғатталды. «Кибер-бақылау» платформасында 4200-ден астам заңсыз интернет-контентіне тосқауыл қойылды. Интернет алаяқтық қылмыстарын алдын алу мақсатында ағымдағы жылғы 12 мамырда полиция департаменті мен облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен «Кибералаяқтық, алдын-алу, қорғау, жауапкершілік» тақырыбындағы форум өткізілді. Аталған Форумға – ІІМ өкілі, «IT» мамандары спикер ретінде қатысып, халыққа интернет-алаяқтықтан қорғану бойынша баяндама жасады. Форумға облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлы мен облыстық құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері және мыңнан астам халық қатысты.
Бүгінде, елді алаңдатып отырған қылмыстың бірі — есірткі қылмыстарын болдырмау, алдын алу үшін барлық шаралар қабылдануда. Интернет арқылы синтетикалық есірткілерді таралуына жол бермеу мақсатында, күнделкіті мониторинг жұмыстары жүргізіліп, 1194 ақпараттық сайттар анықталып, «Киберқадағалау» сараптамасына жолданып, бұғатталған. Облыс жастары, мектеп оқушылары және студенттер арасында есірткі қылмыстарының алдын алу мен нашақорлықты болдырмау бойынша, сондай-ақ олардың нашақорлыққа және есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, көшелер мен қоғамдық орындарда есірткіге қарсы әлеуметтік жарнамалары бар 76 билбордтар және облыс орталығындағы 15 LED экрандарға орналастырылды. Есептік мерзімде, есірткінің заңсыз айналымына қатысты — 400 дерек анықталған. Жалпы заңсыз айналымнан 1 тонна 70 килограммнан аса есірткі заттары тәркіленді.
Облысымыздың халық саны 2 миллионнан астам адамды құрайды. Облыс бойынша 700 мыңға жуық автокөлік тіркелген. Күн сайын жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 290 патрульдік полиция қызметкері жұмылдырылады. Олар 120 автомобильдік бағытта қызмет атқарады, 17 жаяу,
12 модульді бекеттер, сондай-ақ «Сауран» шеп бекеті. Автомобиль жолдарын патрульдеу «Ekin patrоl» (10 бірлік) «Автоураган» (9 бірлік) және «Кибер-шериф» (4 бірлік) сияқты 23 мобильді кешені жылдамдық режимін бұзуды автоматты түрде тіркеу үшін қолданылуда. Сонымен қатар, ақылы жолдарда орнатылған 11 аркаға жылдамдық өлшеу функциясы енгізілді.
Жалпы өңірде қоғамдық тәртіпті сақтауға 1 595 бейнебақылау камералары қолданылады. Бейнебақылау камераларының көмегімен 358 қылмыс ашылған және 98070 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.
Мал ұрлығы қылмыстарымен айналысқан 16 қылмыстық топ құрықталып, нәтижесінде 47 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олар 41 дерек мал ұрлықтарын жасаған. Жалпы мал ұрлығы қылмыстарының салдарынан азаматтарға 159 млн. 481 мың 500 теңге материалдық шығын келтірліп, олардың 76,9% немесе 122 млн. 571 мың 500 теңгесі мал иелеріне қайтарылған. Бүгінгі күнге қараусыз жүрген мал иелеріне қатысты 8656 әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ветеринария саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін — 1 644 хаттама түзілген.
Сонымен қатар, Нұралы Әбішов Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Тулеповтың есебін қарап, алдағы жұмыстар талқыланды.
Басқарма басшысының айтуынша, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында республика көлімінде 2 млрд. ағаш отырғызуды тапсырған болатын. Аталған тапсырмаға сәйкес, облыстың орман қоры жерлеріне 2021-2027 жылдары 110 мың гектарға 170 млн. көшет егу (сексеуіл) бойынша арнайы кешенді жоспар бекітілген. Бекітілген кешенді жоспарға сәйкес, 2021-2024 жылдары аралығында 79 мың гектар жерге, 117 млн. дана көшет егілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, республика бойынша 5 жылда елді мекендерде 15 млн-нан астам ағаш отырғызу жоспары бекітілген. Бекітілген іс-шара жоспарында облыстың елді мекендерін көгалдандыруға 1,1 млн. көшет егу тапсырылған. 2024 жылдың қорытындысымен өңіріміздегі барлық елді мекендерге 2,7 млн. көшет отырғызылып, жоспар артығымен орындалды.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылы аудан, қалаларды көгалдандыруға 1 млн-нан астам көшет егу жоспарланып, оның ішінде 509 мың данасы көктемгі маусымда отырғызылды. Жоспар бойынша күзгі ағаш отырғызу маусымы вегетациялық кезеңге сәйкес, ағымдағы жылдың 3 қарашасында басталды. Егілетін көшет саны 510 750 дананы құрайды. Бүгінгі таңға орман шаруашылығы мекемелерімен 401 475 дана көшет босатылды. Ал аудан, қала әкімдіктері тарапынан қоршау және суару жүйелерімен қамту жұмыстары көлемде атқарылып, 340 315 дана көшет отырғызылған.
Облыстың мемлекеттік орман қоры жерлерінде браконъерліктің алдын алу мен жол бермеу мақсатында орман күзеті қызметкерлерімен тұрақты түрде жұмыстар атқарылуда. 2025 жылдың 9 айында орман күзеті қызметкерлерімен 1007 рейдтік іс шара ұйымдастырылып, 493 заң бұзушылық фактілері анықталды. Анықталған заңбұзушыларға 10 382,6 мың тг әкімшілік айыппұл салынып, оның 7 709 мың тг өндірілді. Сұғанақтыққа қарсы күресу шаралары тұрақты түрде жалғасын табуда.
Облыста балық шаруашылығын жүргізуге жарамды жергілікті маңызы бар 104 су айдыны (көл) тіркелген. Аталған көлдердің 77-сі конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға балық шаруашылығын жүргізу үшін бекітіліп берілген, 27 су айдыны резервте. Сонымен қатар, Республикалық маңызы бар 8 су айдыны учаскелерінде (Шардара су қоймасы-4 учаске, Сырдария өзені-4 учаске) табиғат пайдаланушыларға бекітілген. Бүгінде, облыста тауарлы балық өсірумен 209 шаруашылық айналысады (тоғанды, шарбақты, көлде тауарлы балық өсіру, т.б.). Облыс әкімдігімен аудан, қала аумағынан балық шаруашылығын дамыту мақсатындағы балық өсіру кешендерін ашу жоспары бекітіліп, биыл жаңадан 16 балық шаруашылықтары ашылды.
Облыс аумағында 34 аңшылық алқабы орналасқан. Оның ішінде 21 аңшылық алқабы табиғат пайдаланушыларға аң шаруашылығын дамыту үшін бекітіліп берілген, 13 аңшылық алқабы резервте. Резервтегі аңшылық алқаптарын ҚР қолданыстағы Заңдарына сәйкес табиғат пайдаланушыларға бекітіп беру бағытында жұмыстар атқарылуда.
Облыстық мәслихат төрағасына облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мекенхан Қозыханұлы атқарылған жұмыс қорытындысы туралы есеп берді.
Басқарманың мәліметінше, статистикалық мәліметке сәйкес, ағымдағы жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен облысымызда жұмыс күші 861 913 адамды құрады, жалпы халық санының 40 пайызы. Жұмыс күшіндегі жалдамалы қызметкерлер саны 442 211 адамды, ал өздігінше жұмыспен қамтылғандардың саны 379 803 адамды құрады.
2026 жылға арналған «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 108 680 адамды (оның ішінде 73 584 тұрақты, 35 096 уақытша) болжамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Оның ішінде Ұлттық жобалар негізінде ашылатын жұмыс орындары арқылы 4 099 адамды жұмыспен қамту, бос жұмыс орындарына 57 221 адам, «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» арқылы 12 217 адам, субсидияланатын жұмыс орындарына 33 693 адам, грант 1 450 адам.
Квота орындары бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін 2025 жылы бекітілген 177 квота орындары толығымен орындалып, 2026 жылға 119 мекемеге 180 квота орындарын бекіту жұмыстары жүргізілуде. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін бекітілген 17 квота орындары толығымен орындалып, 2026 жылға 18 мекемеге 21 квота орындарын бекіту жұмыстар жүргізілуде. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін бекітілген 17 квота орындарының бүгінгі таңға 14 квота орындары орындалып, 2026 жылға 18 мекемеге 18 квота орындарын бекіту жұмыстары жүргізілуде. Мүгедектігі бар азаматтар үшін бекітілген 302 квота орындарының бүгінгі таңға 289 адам квотамен жұмыспен қамтылды. 2026 жылға 176 мекемеге 256 квота орындарын бекіту жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысына 438 отбасы 807 этникалық қазақ қоныс аударып, оларға қандас мәртебесі берілді. Қандас мәртебесін алғандардың басым көпшілігі отбасын біріктіру мақсатында және көршілес Өзбекстан мемлекетінен (95,8%) келгендіктен облысымыздың шекаралас аудандарына қоныс аударған. ҚР Президент Қ. Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында инвестиция тарту – орталық атқарушы органдардың ғана міндеті емес, жергілікті билік те атсалысып, Әкімдіктердің аймақтағы инвестициялық ахуалға тікелей жауапкершілігін белгілеп кеткен болатын. Осы бағыттағы жұмыстарды жүргізу үшін инвесторларға басымдық берілуде. Биылғы жылдың басынан бері берілген 897 рұқсаттың 80%-ы, яғни 723 шетел азаматы, облысқа инвестор ретінде тіркелген жұмыс беруші ұйымдарда еңбек етуде. Шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі ауыл шаруашылығы саласына тартылған, олардың көпшілігі маусымдық жұмыстарды атқарып, негізінен Отырар ауданында қызмет көрсетуде.
Түркістан облысында 102 273 мүгедектігі бар адам есепте тұр. Бұл облыс халқының 4,6%-ын құрайды. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты 12 коммуналдық мемлекеттік мекемелер қызмет көрсетуде. Оның ішінде:
— 4 стацинарлық үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында жалпы саны 862 психонврологиялық ауытқуы бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға және жалғызілікті қарттар мен тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі;
— 4 жартылай стационарлық үлгідегі оңалту орталықтарында жалпы саны 288 мүгедектігі бар адамдар мен балаларға қызмет көрсетіледі;
— 4 бейімдеу және сауықтыру, жұмыспен қамту мекемелері — Арнаулы кәсіптік колледжі, «Ардагерлер үйі» және ардагерлерді сауықтыруға арналған «Мейір» мекемелер, жұмыспен қамтуды үйлестіруші Еңбек мобилділігі орталығы мекемесі.
Жалпы барлық басқармаларда көптеген жұмыстар атқарылғанын атап өткен мәслихат төрағасы ел игілі үшін еңбек етіп жатқан басқарамалар ұжымына сәттілік тілеп, жұмыстарды ары қарай жандандыруды ұсынды.

