ЕҢБЕК ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАР КӨБІРЕК ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Созақ ауылдық мәдениет үйінде «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, құқықтық сауалдарына нақты әрі жедел жауап беру және тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты нығайту. Бұл туралы Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Мұратов және аудан прокурорының орынбасары Асылбек Сламбекұлы қатысып, тұрғындармен ашық пікір алмасты.

Қабылдау барысында заңгерлер мен жауапты мекемелердің өкілдері азаматтардың өтініштерін жеке тыңдап, түрлі құқықтық бағыттар бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. Әсіресе жер мәселелері, әлеуметтік қолдау, білім және денсаулық сақтау, еңбек және отбасы құқығына қатысты сұрақтар көбірек қойылды.

Тұрғындарға қажетті заңгерлік көмектер көрсетіліп, арыз-өтініштерін тиісті органдарға жолдау бойынша нақты ұсыныстар берілді. Қатысушылар акцияның пайдалы әрі қажет бастама екенін айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды