ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанындағы Татуласу орталығы және Заң клиникасы қызметімен Түркістан облысы, Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты №20 Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-гимназияда ұжымына, «Медиацияға қандай істер бойынша жүгінуге болады?», «Медиацияның соттан айырмашылығы неде?» тақырыбында медиация мәселелері және еңбек қатынастары бойынша құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы хабарлады.

Сондай-ақ, қабылдауда кәсіподақ мүшелері Заң клиникасы мамандарына ҚР «Еңбек кодексі» кейбір баптарының жұмыста қолдану тәртібі және жұмыс орнындағы жұмыскер мен жұмыс берушінің негізгі құқықтарымен міндеттері жайында сұрақтарын қойып, кәсіподақ мүшелеріне тиісті құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп, тиісті жауаптар берілді.

Бұдан басқа, кәсіподақ мүшесіне жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанынан құрылған «Татуластыру орталығы» кәсіби медиаторларының қызметіне тегін құқықтық кеңес алуға болатынын жеткізді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды