ДІНМҰХАММЕД – ФРИСТАЙЛ-АКРОБАТИКАДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Алматыда жасөспірімдер арасындағы фристайл-могул және фристайл-акробатикадан әлем чемпионаты өтуде. Бұл туралы Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Халықаралық жарысқа 13 елден келген 110 спортшы қатысуда. Чемпионаттың үшінші күнінде Шымкент қаласының спортшысы Дінмұхаммед Райымқұл фристайл-акробатикадан алғашқы алтын жүлдені иеленіп, тарихи жеңіске қол жеткізді. Дінмұхаммед жарыс барысында 104.52 ұпай жинап, қарсыластарын басып озды.

2006 жылы дүниеге келген Дінмұхаммед Райымқұл – Шымкент тумасы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ұлттық құрамасының мүшесі, Жастар ойындары мен Спартакиада жеңімпазы, Әлем және Еуропа Кубоктарының жүлдегері.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды