ДЕПУТАТТАР ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІН АРТТЫРУ ЖОСПАРЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін VIII шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі болып өтті. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалы хабарлады.

Жиынға аудан әкімінің орынбасарларымен қатар қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарлары, денсаулық сақтау мен білім беру салаларының басшылары қатысты.

Күн тәртібінде Жетісай қаласының әкімі Нұрлыбек Бахтияров пен Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі Сұңғат Амангелдинвтің, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов пен аудандық полиция бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Мейірхан Құрбанбаевтың, Ш.Ділдабеков ауылдық округі Сырабат елді мекенің шекараларын өзгерту және белгілеу бойынша аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Азамат Серікбай мен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру және аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Есенгелді Алданиязовтың баяндамалары тыңдалды.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін арттыру, инвестиция тарту, инфрақұрылым мен санитарлық тазалықты жақсарту, тұрғындардың қауіпсіз, қолайлы ортада өмір сүрулеріне жағдай жасау бойынша сұрақтар қойып, атқарылар жұмыстардың жоспарымен танысқан депутаттар өз ұсыныстарын айтты.

Сонымен қатар, тұрақты комиссия отырысында мәслихат депутаттарының алдында атқарған жұмыстарының есебін беруі тиіс аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшыларының келмеуі салдарынан  депутаттар ұсынған баяндамаларын кері қайтарып, есептерін келесі кезекті сессияға қалдырды. Ал, қалған мәселелер өз кезегінде сессия қарауына жіберілді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды