БІРҚАТАР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ

«AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының Көкібел бастауыш партия ұйымында жиналысы өтті. Іс-шараға Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы Исақұлов Есімхан Ешенқұлұлы, аудандық мәслихат депутаты Жадигеров Кенжехан Сейтжапбарұлы, С. Рақымов ауыл округінің әкімі Ортаев Төленді Мұсақұлұлы және басқа да партия мүшелері қатысты. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Қазығұрт аудандық филиалы хабарлады.

Жиналыс барысында төраға Е. Исақұлов БПҰ-ның негізгі міндеттері – партияның бағдарламасын халыққа жеткізу және жергілікті тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша кері байланысты қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Жалпы саны 229 партия мүшесін біріктіретін Көкібел БПҰ-ның жаңа төрағасы партияластардың көпшілік дауысымен сайланды.

Бұл жауапты қызметке Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының белсенді мүшесі Жадигеров Кенжехан Сейтжапбарұлы тағайындалды. Кенжехан Сейтжапбарұлы – 1977 жылы туған, білімі «құқықтану» саласы бойынша жоғары, 2012 жылдан бері жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Оның жергілікті тұрғындар арасындағы беделі жоғары.

Кенжехан Сейтжапбарұлының депутаттық қызметінің арқасында 2024 жылы С. Рақымов ауыл округіне қарасты елді мекендердің ішкі жолдарын жөндеу, тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты бірқатар өзекті мәселелер оң шешімін тапты. Оның осы тәжірибесі мен қоғамдық белсенділігі Көкібел БПҰ жұмысын күшейтіп, партия мүшелерінің жарғылық талаптарды мүлтіксіз орындауын қамтамасыз етеді деп сенеміз. Жаңа қызметіне табыс тілейміз!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды