БЕЛГІГЕ БАҒЫНУ – ТӘРТІП, АЛ ТӘРТІП – ӨМІР КЕПІЛІ

Кентау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық қауіптен сақ болуға шақырады. Олар: Алаяқтық, лудомания және есірткі. Сондай-ақ жол қозғалысы ережесін бұзу – барлығының соңы өкінішке апарады. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алаяқтық – сенімге кіріп, өзге адамның мүлкін заңсыз иемдену. Интернет, банк қосымшалары арқылы алдаудың жаңа түрлері көбейіп келеді. Бейтаныс адамдарға жеке деректеріңізді бермеңіз!

Лудомания (ойынқұмарлық) – адамның өмірін, отбасын, денсаулығын құрдымға кетіретін тәуелділік. Онлайн-казино, ставкалар – уақытша қызық, бірақ өмір бойғы өкініш болуы мүмкін.

Ойын емес – өмірің маңызды!

Есірткі – сана мен денсаулықты жоятын жол. Бір рет қызығушылықпен бастаған іс, өміріңді бұзады.

Жол қозғалысы ережесін сақтау – әрбір адамның қауіпсіздігі үшін маңызды. Белгіге бағыну – тәртіп, ал тәртіп – өмір кепілі. Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды