БАУЫРСАҚТАН ДӘМ ТАТУҒА МҮМКІНДІК БЕРІЛДІ

Түркістан облысындағы дауыс беру учаскелерінде «Baursak party» ұйымдастырылды. Өз таңдауларын жасауға келген азаматтарға ұлттық тағамдарымыз ұсынылып, бауырсақтан дәм татуға мүмкіндік берілді. Қазығұрт және Түлкібас аудандарында жайылған дастарқаннан дәм татушылар саны көп, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Ұлттық тағамдарымызды ұсынып, тамаша дастарқан дайындаған азаматтарға алғыс айтқымыз келеді. Наурызнаманың онкүндігіне тура келген саяси науқан барысында қазақы дәмнен дәм тату ерекше әсер сыйлайды» — деді Түлкібас ауданының тұрғыны Жібек Ибрагим.

Айта кетейік, Түркістан облысында 15 наурыз күні сағат таңғы 07:00-ден бастап 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Облыста 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды