БАСЫМ БАҒЫТТАР – ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУ, ӨНІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ

Сарыағаш ауданын дамыту стратегиясын бекіту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. 2030 жылға дейінгі даму жоспары жан-жақты талқыланып, негізгі бағыттар мен басымдықтар сараланды. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы ретте, аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында өңірдің әлеуетін тиімді пайдалану үшін нақты, жоспарлы әрі жүйелі жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді. Аудан басшысы жол картасына енгізілген жобалардың жүзеге асырылуы барысында туындайтын мәселелерді жедел шешу үшін тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, бекітілген жол картасы аясындағы жобалардың орындалу барысын саралап, олардың тиімді әрі уақытылы іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.

Айта кету керек, ауданның даму жоспарына сәйкес 2030 жылға дейінгі нақты жобалар тізімі әзірленуде. Аталған құжатта бірқатар басым бағыттар қамтылған. Атап айтқанда: өндіріс орындарын ашу, ауыл шаруашылығы саласына жаңа технологияларды енгізу арқылы өнімділікті арттыру, туризм саласын дамыту.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды