«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Түркістан облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Ермек Өсербаев №31 Абай атындағы және Әл-Фараби білім беру орталықтарына арнайы барып, оқушылармен кездесу өткізді. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шара барысында жастардың құқықтық санасын арттыру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізілді. Кездесуге оқушылар мен педагогикалық құрам қатысты. Полковник Е.Өсербаев мектептегі ішкі тәртіп ережелері мен мінез-құлық нормаларын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.
Полицейлер жасөспірімдерге әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың салдары туралы жан-жақты түсіндіріп, құрмет мәдениетін қалыптастыру, қорқыту мен әлімжеттікке жол бермеу, жанжал жағдайларын болдырмау мәселелеріне ерекше назар аударды. Оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін білу, сондай-ақ өзгелердің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу жөнінде кеңес берілді.
Тәртіп сақшылары мұндай кездесулер білім беру мекемелеріндегі профилактикалық жұмыстың маңызды бөлігі екенін және жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға елеулі ықпал ететінін атап өтті. Әңгіме барысында оқушылар өз сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен толыққанды жауап алды.

