БАЛАНЫҢ ҚАУІПСІЗ ДАМУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлының төрағалығымен Ақжайық музыкалық мектебінде «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында ата-аналармен мәжіліс өтті. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отбасындағы тәрбиенің маңызын арттыру болды.

Мәжіліс барысында Мекенхан Қозыханұлы қоғамдағы заң мен тәртіпті сақтау, ата-аналар мен білім ұйымдарының өзара серіктестігін күшейту және жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру бағытында ой қозғап,  әрбір баланың қауіпсіз әрі жан-жақты дамуына жағдай жасау – қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.

Шараға Түркістан қаласының прокуроры Каукен Бахытбайұлы, қалалық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Қаржаубайұлы қатысып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың себептері мен оны болдырмау жолдары жөнінде баяндама жасады.

Мәжіліске сондай-ақ мектеп басшылығы, ата-аналар мен оқушылар қатысып, балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Іс-шара соңында ата-аналарға құқықтық және тәрбиелік бағытта кеңестер беріліп, қоғам мен отбасының бала тәрбиесіндегі бірлескен жауапкершілігіне баса назар аударылды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды