БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Сарыағаш ауданында полиция басқармасы, прокуратура, білім бөлімі қызметкерлері, мектеп мұғалімдерінің қатысуымен кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері, яғни «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясының орындалу барысы бойынша кеңейтілген отырыс өтті. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыс барысында қатысушылар «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясы аясында осы уақытқа дейін атқарылған іс-шаралар мен нәтижелерге тоқталып, алдағы айға жоспарланған жасөспірімдермен өткізілетін кездесулер мен жиналыстардың тақырыптарын пысықтады.

Жиынның негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ білім беру ұйымдарында құқықтық тәрбие мен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды талқылау болды.

Кеңейтілген жиын қорытындысында қатысушылар балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін атап өтті.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды