БАЛАЛАРҒА ҚАЖЕТТІ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Бүгін Қазақстан Халық партиясы Түркістан облыстық филиалының кеңсесінде “Инклюзивті қоғам: ерекше қажеттілігі бар, аутизммен ауыратын балалардың білім алуына мекемеаралық қарым — қатынас жасаудың әлеуметтік бастамалар стратегиясы” тақырыбында кездесу өтті. Бұл туралы «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалы хабарлады.

Жиынға Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Самат Талғатұлы Байгутов, “Қамқорлық менталды бұзушылықтарымен мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы” КММ директоры Айнұр Есімханқызы Қалдыбаева, Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы КММ директоры орынбасары Айман Қаныбекқызы Қасымбекова қатысты.

Жиынды Филиал Төрағасы Зухра Медеуқызы кіріспе сөзбен ашты.

Түркістан облысында инклюзивті білім беру мектептері мен балабақшалары жұмыс істейді. Бұл мекемелерде ерекше қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беру бағдарламаларына қатыса алады. Инклюзивті білім беру мектептерінде арнайы педагогтар мен психологтар жұмыс істейді, олар балаларға қажетті қолдау көрсетеді. Инклюзивті білім беру аясында арнайы білім беру бағдарламалары да жүзеге асырылады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды