БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

Түркістан қаласында «Достардың махаббаты» атты балалар хикаяты қазақ тілінде жарық көрді. Туынды балалық шақтан басталған достықтың, еңбек пен адалдыққа негізделген табыстың көркем көрінісіне бағытталған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Шығармада бала кезден фабрикада қатар жұмыс істеген екі достың өмір жолы суреттеледі. Олар өмірдің түрлі сынақтарынан бірге өтіп, қиындық пен әділетсіздікке мойымайды. Уақыт өте келе екеуі де жоғары білім алып, инженер-механик мамандығына қол жеткізеді. Көркем шығарманы қазіргі таңда Түркияда білім алып жүрген журналист Гүлжаз Қарыбек аударған.

– Кітап авторы – Түркияның белгілі қаламгері Фатма Гүнер. Оның балалар кітаптары мен романдары күні бүгінге дейін оқырман арасында сұранысқа ие. Бұл еңбек қызығушылықтан туған дүние. Кітап мазмұны жүрегімді тербеген соң, уақыт өте келе тәржімалауға бекіндім. Алғаш болып қолдау білдірген облыстық Ы.Алтынсарин атындағы Балалар кітапханасының директоры Рысбек Ермекұлы. Бүгінде бұл кітапты балалар да, ата-аналар да, ұстаздар да алғыс айтып оқып жүр, – дейді Гүлжаз Қарыбек.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды