«AMANAT» партиясы Сауран аудандық мәслихатының депутаты Оразбеков Серікбай Орынбекұлы жыл басынан бері 4 рет жеке қоғамдық қабылдау өткізіп, 18 азаматтың 24 мәселесін қарады. Сонымен қатар облыстық мәслихат депутаттары және аудандық мәслихат төрағасымен бірге 2 рет көшпелі қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, жалпы 36 мәселе қамтылды. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғамдық қабылдаулар барысында көтерілген негізгі мәселелер:
Көшелерді жарықтандыру;
Электр бағаналарын ауыстыру;
Ауыз су мәселесі;
Асфальт төсеу;
Көтерілген мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдарға 7 депутаттық сауал жолданды. Оның ішінде Мәжіліс депутаттарына – 4, аудандық және облыстық деңгейдегі тиісті бөлімдерге – 3 сауал жолданып, оң шешімін тапты.
Үшқайық ауылдық округіндегі елді мекендерде көшелерді жарықтандыру бойынша «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-мен келісімшарт жасалып, 4 елді мекендегі 6 орталық көшеде жарықтандыру жұмыстары толық аяқталды.
Индустриалдық аймақтарға электр желілерін тарту үшін 40 млн теңге қаралып, «Электронды дүкен» мемлекеттік сатып алуы арқылы ЖК «Жерұйық» мердігерімен келісімшарт жасалып, 3 трансформатор орнатылып, электр бағаналары қойылды.
Жол, инфрақұрылым бағытындағы жұмыстар:
- Теке елді мекеніндегі Молдағұлова көшесіне жалпы ұзындығы 4,1 км жолға күрделі жөндеу жүргізілді.
- С.Қожанов елді мекенінде ауыз су құбырларына күрделі жөндеу жасалды.
- Теке және С.Қожанов елді мекендеріне аялдамалар орнатылды.
- С.Қожанов елді мекеніндегі орталық Абай көшесінің бойына ұзындығы 1 км жаяу жүргіншілер жолы төсеу жұмыстары жүргізілуде.
- Өндірістік алаңдарға тас жол төсеу жұмыстары атқарылуда.
Партиялық жобалар аясындағы жұмыстар:
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы бойынша аудандағы ардагерлердің үйлеріне барып, тұрмыс жағдайымен танысып, құрмет көрсетіп келеді.
«Бақытты отбасы» жобасы аясында 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай 200 балаға тәттілер таратылды.
«Кедергісіз келешек» жобасы бойынша 1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында 30 балаға оқу құралдары және мектеп формасы табысталды.
«Ұлттық мұра» жобасы аясында аудан көлемінде ұйымдастырылған іс-шараларға тұрақты түрде қатысып, үлесін қосуда.
Депутат Оразбеков Серікбай Орынбекұлы атқарған бұл жұмыстар – тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жүйелі еңбектің нәтижесі.
Алдағы уақытта да халықпен тұрақты кездесіп, көтерілген әрбір мәселенің орындалуын бақылауда ұстап, «AMANAT» партиясының бағдарламалық міндеттерін жүзеге асыру жолында жұмысты жалғастыра береді.

