Түркістан облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансерінде Қазақстан Халық партиясының бастауыш партия ұйымы (БПҰ) ашылды. Бұл қадам бұған дейін қол қойылған ынтымақтастық жөніндегі меморандум негізінде жүзеге асты. Бұл туралы «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараға «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Орталық аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Оразханов Нұрдәулет Амантайұлы арнайы қатысып, партия қатарына қабылданған азаматтарға салтанатты түрде партиялық билеттерді табыстады. Ол өз сөзінде партияның қызметі, негізгі мақсаттары мен алдағы жоспарлары туралы кеңінен баяндап, жаңа мүшелерге табыс тіледі.
«Қазақстан Халық партиясы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Қамбарова Зухра Медеуқызы жаңа партия мүшелерін құттықтап, қоғамдық-саяси қызметте сәттілік тіледі. Сондай-ақ, бастауыш ұйымның ашылуы өңірдегі партиялық жұмысты күшейтіп, тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатуға серпін беретініне тоқталды.
Бұл бастама партияның жергілікті деңгейдегі белсенділігін арттырып, әлеуметтік мәселелерді бірлесе шешуге жол ашады.