Бүгін «AMANAT» партиясынан Қазығұрт аудандық маслихат депутаттарының сайлаушылармен кездесулері Шарбұлақ және Алтынтөбе ауыл округтерінде, атап айтқанда Шарбұлақ және Қосағаш ауылдарында табысты өтті. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл кездесулерге «AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы, фракция жетекшісі Исақұлов Есімхан Ешенқұлұлы бастаған партия активі, аудандық мәслихат депутаттары Мауленов Мақсатбай Арапбайұлы және Архабаев Жақсылық Алиханұлы, сондай-ақ жергілікті бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен ауыл әкімдігінің өкілдері қатысты.
Бұл екі кездесу де «AMANAT» партиясының халыққа жақын, жауапкершілігі мол саясатын айқындайды. Депутаттарымыз Мауленов Мақсатбай Арапбайұлы мен Архабаев Жақсылық Алиханұлының сайлаушылар алдында ашық есеп беруі, халықтың мүддесін қорғауға деген ұмтылысы және проблемаларды шешуге деген табандылығы – біздің партияның басты құндылықтары.
Жалпы ауыл округтеріндегі өзекті мәселелердің кезең-кезеңімен шешімін тауып келе жатқаны оң динамиканы көрсетеді. Бұл – депутаттарымыздың, жергілікті биліктің және ең бастысы, сіздердің, ауыл тұрғындарының бірлескен еңбегінің нәтижесі.
«AMANAT» партиясы әрқашан халықтың үніне құлақ асып, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жолында аянбай еңбек етеді. Біздің басты мақсатымыз – ауылдарымыздың өсіп-өркендеуі, тұрғындарымыздың өмір сүру сапасының артуы.