БҮГІНГІ БҮЛДІРШІН – ЕРТЕҢГІ ЕЛ ҚОРҒАНЫ

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Түркістан облысының Полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мұғалімдер мен оқушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Тәртіп сақшылары Ордабасы ауданындағы Шоқан Уалиханов атындағы мектеп гимназиясының ұстаздарын мейрамдарымен құттықтап, құрмет көрсетті. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар жас ұрпақпен ашық қарым-қатынас орнатып, олардың полицияға деген сенімін арттыру бағытында кездесу өткізді. Балаларға полиция қызметін, техникалары мен құрал-жабдықтарын, қызметтік көліктерін таныстырды. Жол қозғалысы ережелерін жан-жақты түсіндірді.

Бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі ел қорғаны десек, олардың заң мен тәртіпті басты қағида санауы үшін мұндай шаралардың берері мол болмақ.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды