Құрметті азаматтық қорғау саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құтқарушылар күнімен және азаматтық қорғау органдарының құрылғанына – 30 жыл толуымен құттықтаймын!
Азаматтық қорғау жүйесі еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтуда маңызды міндет атқаратын мемлекеттік құрылымға айналды. Табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар кезінде, техногендік қатер туындағанда ең бірінші болып азаматтардың жанынан табылатын сіздердің еңбектеріңізді – нағыз ерлік пен патриотизмнің жарқын үлгісі деп білеміз. Халыққа қалтқысыз қызмет етіп, адам өмірін құтқаруда антқа адалдықтарыңызды «AMANAT» партиясы жоғары бағалайды.
Өмір қауіпсіздігі мен азаматтық қорғанысты қамтуда партияның Түркістан облыстық филиалы төтенше жағдайлар департаментімен бірлескен іс-қимылдар жүргізіп, қоғамдық қабылдауларда азаматтарға нақты көмек көрсетуді іске асырып келеді. Партия мен төтенше жағдайлар қызметін елге қызмет ету рухы біріктіріп, әрбір шешілген мәселенің артында адам өмірін сақтап қалуға жасалған нақты қадам бар.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын Түркістан облысында іске асыру жөніндегі Жол картасының маңызды тармағы болып бекітілген. Кешенді жоспар аясында төтенше жағдайлардың алдын алуда ақпараттық түсіндірме жұмыстарына партия мүшелері, депутаттық корпус өкілдері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері жұмылып отыр. Аудан, қалалардағы азаматтық қорғау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңартуға басымдық беріп келеміз.
Партияның Түркістан облыстық филиалы азаматтық қорғау саласына жан-жақты қолдау көрсетуді өз саяси жауапкершілігінің маңызды борышы деп санайды. Бұл бағыттағы жұмыстарымызда Түркістан қаласында, Келес, Мақтаарал, Сауран аудандарында өрт сөндіру деполарының құрылысын жүргізуді жоспарлап, оның бірқатары пайдалануға берілді. Қазығұрт, Отырар, Сарыағаш аудандарындағы өрт сөндіру бекеттерін күрделі жөндеуден өткізуді жоспарға енгіздік. Аудан, қалаларда барлығы 9 өрт сөндіру бекеттерін құруды белгілеп, олардың орындалуын партиялық қадағалауға алдық. Әрбір бастамамыз халықтың үмітін оятып, әрбір нәтижеміз елдің игілігіне қызмет етеді.
Ардақты азаматтық қорғау саласының қызметкерлері!
Сіздердің қоғам мен халық алдындағы еңбектеріңіз – өлшеусіз. Еңбектеріңізді – батылдық пен адалдықтың, кәсібилік пен жауапкершіліктің нағыз үлгісі деп біле отырып, баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық береке мен кәсіби табыс тілеймін!
Ізгі тілекпен,
“AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы
Алтынсары Үмбетәлиев