АЗЫҚ-ТҮЛІК 15-20 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН ТӨМЕН БАҒАДА САТЫЛУДА

Қазіргі таңда Түркістан қаласы аумағында халықты қолжетімді бағадағы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 30-ға жуық әлеуметтік дүкен тұрақты түрде қызмет көрсетеді. Аталған сауда нүктелері тұрғындардың күнделікті тұтынуына қажетті негізгі азық-түлік тауарларын қолайлы бағамен ұсынуға бағытталған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, қаладағы ірі супермаркеттер базасында 6 әлеуметтік бұрыш жұмыс істейді. Бұл әлеуметтік нүктелерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері нарықтағы орташа бағадан 15-20 пайызға дейін төмен сатылуда. Бұдан бөлек, қала аумағында 4 ірі көтерме сауда базары тұрақты жұмыс істеп, тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді бағадағы өнімдермен қамтамасыз етеді.

Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, халыққа қолжетімді өнім ұсыну, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды