АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ ПАРТИЯНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНА ЕНДІ

Бүгін “AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев Ордабасы ауданына жасаған жұмыс сапары шеңберінде әлеуметтік маңызы бар нысандардың дайындығын зерделеді. Бұл туралы “AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Партияның Сайлауалды бағдарламасы бойынша бой көтеріп жатқан Шұбарсу елді мекеніндегі 600 орындық мектептің құрылысына қатысты өзекті мәселелерді облыстық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев баяндады. Құрылыстың барысы, партиялық бақылау комиссиясы берген ескертпелердің орындалуы туралы партияның Ордабасы аудандық филиалының төрағасы Әлиасқар Бердімұратов нақты ақпараттар берді. Мектеп құрылысын жеделдету бойынша депутаттық ықпал ету мәселелері туралы Ордабасы аудандық мәслихатына жаңадан сайланған депутат Бақытжан Мырзагелдиев бірқатар ұсыныстарын білдірсе, “Шұбарсу” бастауыш партия ұйымының жетекшісі Сәрсенбек Қабылбеков жергілікті тұрғындар жаңа мектепті тезірек пайдалануға беру туралы сұраныстарын жеткізіп жатқанын айтты.

Атап өтуіміз қажет, Шұбарсу елді мекені халық саны күрт өскен ауылдардың бірі. Шымкент қаласына іргелес қоныстанған, халықаралық автодәліздің бойында тұрған елді мекендегі халық саны бүгінде 37 мың адамға жеткен. Тұрғындардың партия өкілдерімен кездесулері барысында жаңа мектеп салу бастамасы көтеріліп, азаматтардың бұл талап-тілегі партиямыздың Сайлауалды бағдарламасына енді.

Мектеп құрылысын Түркістан облыстық құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша “Дос и К” ЖШС-гі жүргізуде. Мердігер ұйыммен келісімшарт 2023 жылғы желтоқсанда түзіліп, құрылыстың барлық кезеңі аманаттық өкілдердің бақылауына алынды. Қазіргі таңда нысанның дайындығы 95 пайызға жетіп, ішкі әрлеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мектепті биылғы желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланғанымен, құрылыс қарқынына қарағанда нысан белгіленген мерзімге дейін толық аяқталып, ел игілігіне тапсырылмақ.

Мердігер ұйымның жұмысшыларымен кездесуде партия өкілдері құрылыс сапасын, инженерлік желілердің тартылу деңгейін және абаттандыру жұмыстарын ерекше қадағалауда болуы керек екендігіне назар аударды.

– Партиясының Сайлауалды бағдарламасында білім беру саласына айрықша басымдық берілген. Әсіресе апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу – негізгі бағыттардың бірі. Осы мектептердің санатында халық саны артып жатқан Шұбарсу ауылындағы білім беру ұйымының құрылысы да бақылауымызда тұрған маңызды нысан. Мектеп құрылысы жыл соңына дейін аяқталуы керек, — деп атап өтті Алтынсары Дүйсенбекұлы.

Жаңа мектеп пайдалануға берілгеннен кейін Шұбарсу ауылындағы оқушылар кең, заманауи сыныптарда сапалы білім алуға мүмкіндік алады.

Бұл – «AMANAT» партиясының сайлауалды уәделерінің нақты орындалуының айғағы, халық игілігіне бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі болмақ.

Партия өкілдері осы елді мекенде аялдаған келесі нысан — “Rollan Med” жекеменшік клиникасы болды. Партиямыздың қатарында көптеген медицина қызметкерлері бар, партия айқындаған басымдықтың санатында ұлт саулығын қамтитын жаңа жұмыс бағыттары қарастырылған. Осыны ескерген облыстық партия филиалы “Rollan Med” клиникасының базасында “Шұбарсу” бастауыш партия ұйымы үшін жұмыс кабинетін бөлуді ұйғарды. Мұнда елді мекен тұрғындарымен фракция депутаттарының қоғамдық қабылдаулары өткізілетін болады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды