«Amanat» партиясының Келес аудандық филиалы ғимаратында Келес аудан әкімінің орынбасары Мақсат Тұрдиев жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға Абай, Біртілек, Қошқарата және Ұшқын ауылдық округтерінен азаматтар келіп, өзекті мәселелерін жеткізді. Бұл туралы Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қабылдау барысында тұрғын үй мәселелері, электр бағаналарын жаңарту, сондай-ақ коммуналдық және техникалық мәселелер қаралды. Әрбір өтініш бойынша тиісті ауылдық округ әкімдері және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы нақты тапсырмалар алып, мәселені бақылауға алды.
— Азаматтардың әрбір өтініші заң аясында қаралады, шешімдері бақылауда болады және тиісті органдар жауапкершілікпен әрекет етеді, – деді Мақсат Сәбитұлы .
Қабылдауда қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті органдарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы қатаң бақылауға алынды.

