АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – ӘР ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ БАСТЫ БОРЫШЫ

Аталған жиналысты бөлім бастығы ашып, өткен кезеңдегі бөлімнің жалпы көрсеткіштері мен атқарылған жұмыстарға жан-жақты талдау жасады. Баяндамалар барысында қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылық профилактикасы бағытындағы іс-шаралардың нәтижелері қаралды. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар қызметкерлердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау деңгейі мен тәртіптік ахуалға да назар аударылды.

Кентау қаласының бас полицейі өз сөзінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — әр қызметкердің басты борышы екенін атап өтіп, алдағы уақытта да халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуді тапсырды.

Сондай-ақ жиналыс барысында үздік қызметкерлердің еңбегі атап өтіліп, олардың жауапкершілік пен кәсіби шеберлікті арттыруға қосқан үлесі жоғары бағаланды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды