ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДІГІ ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Қазақстан Халық партиясы Түркістан облыстық филиалының Сарыағаш аудандық өкілдігі Сарыағаш қаласында орналасқан “Әйтеке би” жалпы орта мектебінің ұстаздар қауымымен кездесу ұйымдастырды. Бұл туралы Қазақстан Халық партиясының Түркістан облыстық филиалы хабарлады.

Кездесу барысында партия өкілдері Қазақстан Халық партиясының алда тұрған басты міндеттері, жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен жоспарлары туралы кеңінен ақпарат берді. Ұстаздар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, еркін пікір алмасу өтті.

Іс-шара аясында партия қатары жаңа мүшелермен толықтырылды. Бұл — ел игілігі жолында бірлесе еңбек етуге дайын азаматтардың артқанын көрсетеді.

Қазақстан Халық партиясы қоғаммен ашық диалог орнатуға және халықтың мүддесін қорғауға бағытталған жұмысын жалғастыра береді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды