Бүгін «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының Саяси кеңес Бюросының кезекті отырысы өтіп, онда ауданға қарасты барлық ауылдық округ әкімдері Сайлауалды бағдарламасы аясында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде есеп берді. Отырысқа Саяси кеңес Бюросының мүшелері, ауыл әкімдері және филиал аппаратының қызметкерлері қатысты. Бұл туралы “AMANAT” партиясы Жетісай аудандық филиалы хабарлады.
Әкімдер өздерінің баяндамаларында ауылдардағы негізгі бағыттар бойынша атқарылған жұмыстарды толық баяндап өтті. Атап айтқанда:
🔸 Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуы, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шаралар;
🔸 Инфрақұрылымды дамыту, соның ішінде жолдар құрылысы мен жөндеу жұмыстары, ауыз су жүйелерін жаңарту, электр жарығының сапасын арттыру;
🔸 Абаттандыру және санитарлық тазалық, көгалдандыру, қоқыс шығару, қоғамдық орындарды ретке келтіру бағытындағы жұмыстар;
🔸 Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жобалар, шаруалар мен кәсіпкерлерге көрсетілген қолдау тетіктері;
🔸 Тұрғындардан түскен өтініштердің орындалуы, халықпен кері байланыс орнату, азаматтардың сұрақтарын шешу жолында атқарылған жұмыстар;
🔸 Қоғамдық қабылдаулардың нәтижелері, халықпен тұрақты кездесулер мен талқылауларда көтерілген мәселелер.
Талқылау барысында Саяси кеңес Бюросының мүшелері әр округ бойынша ұсыныстарын айтып, өзекті мәселелерге нақты тоқталды. Әсіресе ауыл ішілік жолдарды жақсарту, инженерлік инфрақұрылымды нығайту, әлеуметтік нысандардың жұмысын жүйелеу және тұрмыс сапасын арттыру бағытында бірқатар ұсыныстар берілді.
Жиын соңында әр ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар бекітіліп, барлық ұсыныстар Саяси кеңес Бюросының қаулысы мен ресми хаттамасына енгізілді.
Бұл отырыс ауылдардың бүгінгі даму қарқынын бағалап қана қоймай, алдағы кезеңде атқарылуы тиіс жаңа міндеттерді анықтауға мүмкіндік берді. Ауылдардың тұрақты дамуы мен тұрғындардың өмір сапасын арттыру – басты басымдықтардың бірі болып қала береді.

