АУЫЛДАҒЫ КӨПІР ЖӘНЕ ЖАРЫМШАМДАР МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ

«AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының ұйымдастырумен Жетісай ауданы азаматтардың арыз-өтініштері бойынша Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қаржауов Талғат Рахматуллаұлы және Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Ахметов Елдос Кайбренович бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, бірлескен қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы  “AMANAT” партиясы Жетісай аудандық филиалы хабарлады.

Қоғамдық қабылдауға Жетісай қаласының тұрғындары, Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Ахметов Елдос Қайбренұлы, Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі Сұңғат Амангелдиев, Қазыбек би ауылдық округі әкімінің орынбасары Кадиров Бахтияр Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов, «ҚазСуШар» РМК Түркістан филиалы Жетісай өндірістік бөлімше басшысы Нұртас Тұрсынбеков, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшы орынбасары Ерқуат Тұрғұмбаев және аудан тұрғындары қатысты.

Аталмыш қабылдауға 7 азамат өз өтініштерін арқалап келді. Қабылдау барысында аудан тұрғындарынан ауыз су, жер сынды мәселе көтеріліп, азаматтардың өтініш-шағымдары тыңдалды.

Қабылдауға келген Қазыбек би а/о тұрғыны Ахметов Атымтай Таубай ата е/м каналдың мәселесін көтерді.

Асық ата кентінің тұрғыны Бекташов Мұратбек Ағынсай ауылындағы көпір және жарымшамдар мәселесін көтерді.

Жалпы қабылдау аясында, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Талғат Рахматуллаұлы және Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Ахметов Елдос барлық мәселелерді қарап, жеке-жеке зерделеп, заң аясында тиісті шаралар қабылданып, оң шешімін тапты.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды