АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЫН ӨНДІРУШІЛЕР ӨЗ ӨНІМДЕРІН ҰСЫНДЫ

Түркістан қаласында өткен кезекті азық-түлік жәрмеңкесінде  ауданымыздың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өз өнімдерін ұсынды. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сауда-саттық «Яссы» мөлтек ауданында ұйымдастырылып, тұрғындарға нарықтағы бағадан 30-50 пайызға төмен бағада өнімдер сатылды.

Жәрмеңке сөрелерінде Қазығұрт және Ордабасы аудандарының шаруалары, сондай-ақ «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мен жергілікті кәсіпкерлердің жеміс-жидек, ет, сүт, қаймақ, жұмыртқа және өзге де тағам өнімдері қолжетімді бағамен ұсынылды.

Мысалы, картоп – 140 теңге, пияз – 85 теңге, сәбіз – 140 теңге, қырыққабат – 100 теңге, сиыр еті – 2500 теңге, тауық еті – 1100 теңге, нан – 80 теңге, жұмыртқа – 45 теңгеден саудаланды.

Ауданымыздың шаруалары өңір тұрғындарын қолжетімді бағадағы сапалы өніммен қамтуға өз үлесін қосып келеді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды